Адами капитал

ҚР Құс асыраушылары ҚР Президентінің Жолдауын қолдайды

Біз, Қазақстан құс асыраушылары, Президенттің Жолдауын қолдаймыз және нәтижені арттырып, экономикамызды нығайтып, қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, барша халық болып елдің өркендеуіне үлес қосуымыз керек, дейді Социалистік еңбек ері, ҚР еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы маманы, Қазақстанның Құс асыраушылары кеңесінің құрметті президенті, «Ижевский» директоры Ибрагим Жанқоразов пен Қазақстан құс асыраушыларының президенті, Қазақстан құс асыраушыларының құрметті қызметкері Руслан Шарипов.
Казахстан27 Қаңтар , 09:30

«Біз, Қазақстан құс асыраушылары, Президенттің Жолдауын қолдаймыз және Елбасының агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық рельске аудару, оның дамуын өнеркәсіптік негізде қамтамасыз ету туралы ұсынысын бір ауыздан қолдаймыз. Құс асырау саласы негізінен осыған негізделеді. Дәл осындай негіз біздің экономиканы реформалаған қиын кездерде тірек болды», - дейді олар.

Құс асыраушылардың айтуынша, Ұлт Көшбасшысының тұрақты түрде өндірісті дамытып отыру қажеттілігі туралы айтқан сөздері көңілге қонымды.

«Бұған отандық құс асырау саласының тәжірибесі үйретті. Біз өтпелі кезеңде саланың барлық қиындықтарын бір кісідей тарттық, ол кезде құс басы елімізде екі есеге дейін күрт азайып кетті. Өндіріс бірнеше рет кейін кетті. Жаңғырту жұмыстары мен мемлекеттік қолдауы және инновацияның арқасында соңғы онжылдықта біз аталмыш саланың күрделі мәселелерін шешіп, оның дамуына қосымша көздер таба бастадық. Сонымен қатар, біз 2020 жылға дейінгі АӨК дамытудың жаңа бағдарламасы мен Ауыл шаруашылық министрлігі тарапынан қабылданған шеберлік жоспарын қолға алдық. Енді біз Президенттің Жолдауының үддесінен шыға аламыз деп үміттенемін», - дейді мамандар.




Яндекс.Метрика