Ұлтаралық бірлік

Елбасының алға қойған міндеттерін орындау - баршамызға парыз - З.Бернеева «Бұлғар» АТЭБ төрағасы

Елбасының халық, яғни біздің алдымызға қойған міндеттерін орындау, ол үшін тәжірибемізбен күшімізді, білімімізбен алғырлығымызды жұмсау баршамыздың парызымыз, деп Елбасының «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы туралы «Бұлғар» Атыраулық татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Зульфия Бернеева ағынан жарылды.
Маңғыстау27 Қаңтар , 09:00

«Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы біз үшін жұмыс істеу алгаритмі ретінде қажеттілік болып қалды. Биылғы дәстүрлі Жолдау өзінің салмақты жобалары мен алға қойған міндеттерімен ерекшеленеді.

Кез-келген аналар сияқты мені де медициналық қызмет көрсетудің дамуы, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, аймақтық қауіпсіздік, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі  сияқты мәселелер және Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде еліміздегі үш тұғырлы тіл, теңдік, ал, ұстаз ретінде білім сапасын арттыру, білім беруі жүйесін жаңарту,  кембағал жандардың жағдайын жақсарту және Қазақстанның қазба байлықтарын сақтап қалу сынды мәселелер көбірек толғандырады,», - деді Зульфия Бернеева.

«Бұлғар» АТЭБ төрағасының айтуынша, Елбасының «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа жолдауы осы және өзгеде мәселелер толығымен қозғалған. 

«Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері күнделікті тіршілікпен тығыз байланысты болғандықтан баршамызға бірдей түсінікті. Мен, Президенттің салиқалы  саясатының арқасында  еліміздің әлемдегі  30 дамыған елдердің қатарына кіретініне сенімдімін. Осы ретте, әрқайсысымыздың міндетіміз жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бірауыздан атсалысу. Себебі, мемлекет - ол біз! Шетте қалып қалмаңыздар, өз жарқын болашақтарыңыздың қалаушысы және дүниежүзіне сыйлы мықты Қазақстан Республикасын құруға бірге кірісіңіздер!», - деп З. Бернеева өз ойын қорытындылады.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика