Жемқорлыққа қарсы күрес

I жарты жылдықта «Нұр Отанның» жемқорлықпен күреске арналған жаңа бағдарламасы дайындалады – Қ.Сүлейменов

«Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлықпен күрес республикалық қоғамдық кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменовтың мәліметінше, жаңа бағдарлама жемқорлыққа қарсы партиялық әдістемелер мен шараларды қамтитын болады, деп хабарлайды партияның ресми порталы.
Астана қаласы25 Қаңтар , 12:03

Бағдаламаны дайындауға қатысатын жұмыс тобының құрамында үкіметтік емес ұйым мен мемлекттік органдар өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары, сарапшылар, саясаттанушылар, ғалымдар қатысады. Аталмыш бағыттағы жұмыстың құжаттары жақын күндері басталатын болады.

«Біздің жоспар бойынша, бұл бірінші жарты жылдықта дайын болмақ. Бұл мемлекеттік бағдарлама емес, ол жемқорлықпен күрес шараларын қамтымайды. Ондаймен прокуратура, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері күреседі. Біз қоғамды аталмыш індеттен арылтуға жұмыс істейміз», - дейді Қ.Сүлейменов.

Оның айтуынша, бағдарлама ұсыныстар, жемқорлыққа қатысты заң жобаларын дайындау бойынша депутаттық корпусқа тапсырмаларды қамтитын болады.

Бағдарлама заңнамалық, идеологиялық және тәрбиелеу шараларын қамтиды.

«Сонымен қатар, құжат барлық партия үшін мобилизация шараларын анықтайтын болады. Бұл жемқорлыққа қарсы күрес жолында қызмет ететін болады», - дейді Қ.Сүлейменов.




Яндекс.Метрика