Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Жолдауда көрсетілген жетістікке Қазақстан халқы еңбегі мен табандылығының арқасында жетеді – Л.Пакуш (Беларусь)

Жолдауда көрсетілген жетістікке Қазақстан халқы еңбегі мен табандылығының арқасында жетеді, дейді экономика ғылымдарының докторы, Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясының профессоры, 1997-2006 жылдар аралығындағы Беларусьтің Қазақстандағы Елшісі, Беларусьтегі Қазақстан достары клубының мүшесі Лариса Пакуш.
Әлемде25 Қаңтар , 11:35

«Жолдауда Н.Назарбаев әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену жолында негізгі 7 бағытты көрсетті. Аталмыш бағыттарды сараптай отырып, алға қойылған мақсаттардың мүмкіндігін байқасыз. Жолдауда көрсетілген жетістікке Қазақстан халқы еңбегі және дарынымен жетеді.», - дейді Л.Пакуш.

Оның айтуынша, Қазастан Республикасының өміріндегі барлық салада терең өзгерістер орын алды.

«Ешбір өзгеріс көрмеген бірде-бір ауыл немесе қала жоқ. Елдің жалпы ішкі өнімі 16 есеге дейін өскен. Орташа айлық жалақы көрсеткіші 9,3 есеге, зейнетақы 10 есеге артты. Білім беру, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениетте үлкен бастамалар қолға алынды. Әлеуметтік-экономикалық және инновациялық даму Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің құрамына тартады. Осы жетістіктердің барлығы елдің «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге құқық береді», - дейді Л.Пакуш.

Профессордың айтуынша, Жолдауда айтылған ЖІӨ кемінде 4 пайызға, инвестиция көлемі 30 пайызға өсуі керек деген тапсырмалары елдің жарқын болашағынан хабар береді. Соның ішінде еңбек өнімділігінің 5 есеге дейін арттыру да көзделген.

«Ең бстысы, Жолдауда алға қойлған міндеттемелерге қарасақ, Қазақстан осы жетістікке жете алатын қабілетте және бұл ең жоғарғы деңгей», - дейід Л.Пакуш.




Яндекс.Метрика