Өңірлер

Біз біріге отырып тарихи тапсырмаларды орындауымыз қажет – Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Қызылорда облысы әкiмi Қырымбек Көшербаев бастаған Елбасы Жолдауын ақпараттық-насихаттау тобы Қазалы ауданын аралады.
Қызылорда25 Қаңтар , 11:20

«Топ құрамында Еңбек Ерi, облыстық күрiшшiлер қауымдастығының төрағасы Абзал Ералиев, маслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жастар қоғамдық бірлестігі бар», -делінген хабарламада.  

Аймақ басшысы бастаған топ аудан активімен кездесіп, Елбасы Жолдауын талқылады. Жолдауда көрсетілген тапсырмаларға сәйкес аймақта бірқатар игі бастама жүзеге асырылғанын, мысалы, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдік газ құбырының құрылысы, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі салынып жатқаны, «Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы іске қосылғанын алға тартты.

«Мәңгілік Ел идеясы ұсынылған биылғы Жолдау еліміздің кемел келешегіне жол сілтеді. Онда айтылған әрбір бағыт-бағдар мен міндеттер ел өмірі үшін ерекше маңызға ие», - деп сөзін қорытындылай келе, облыс әкімі аудан тұрғындарын Елбасы идеясының аясына бірігіп, ол жүктеген тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға шақырды.

Облыс әкімінің айтуынша, үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында былтырғы жылы Қазалы ауданы бойынша 9 жоба толық іске қосылды. Алдағы уақытта 7 жоба бойынша, түрлі өнім өндіретін цехтар пайдалануға беріледі. Олар: негізінен нан өнімдерін, құрылысқа қажетті материалдар, асфальт шығаратын, сондай-ақ, балық өнімінен фарш дайындайтын жобалар.

 

 

 




Яндекс.Метрика