Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қаржы полициясының қызметкерлері Жолдауда айтылған тапсырмалардың орындалуына бар күшін салады- СҚО облысы бойынша қаржы полициясының бастығы Н. Шабдар

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы бастығы Нұрлан Шабдар жеке құрамға Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндірді.
Солтүстік Қазақстан25 Қаңтар , 10:59

«Жолдаудың ережелеріне назар аудара отырып Н.А. Шабдар Президент бірінші кезекте «Қазақстан-2050» стратегиясы туралы айтып өткенін белгілеп өтті», - делінген хабарламада.

Департамент бастығы жеке құрам алдында қызмет бабындағы басты басымдықтарды айқындап беріп, әрбір қызметкер өзін-өзі кемелдендіру керектігін, сондай-ақ әрқашан ақыл-ой, кәсіби, дене тәрбиесі қабілеттіктерін шыңдау керектігіне аса мән берді.

«Алдағы уақытта әрқайсысымыз бұл ауқымды құжатты толық жете зерделеуініз керек. Өз еліміздің патриоттары болуға тиіспіз. Департаментпен Президенттің қаржы полициясы органдарының алдына қойған міндеттерін орындауда  бар күшімізді салып жұмыс жасауымыз керек», - деді Нұрлан Шабдар.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика