Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚР-да автомобиль және темір жолдардың шекарадағы өткізу пункттерін тексеру жұмыстары жүргізілуде

ҚР-ның Кеден қызметі «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік одағымен өткізу пункттері жұмыстарының тиімділігін бағалау және қазақстан-қытай шекарасындағы ресімдеу бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізуде.
Казахстан25 Қаңтар , 10:14

KAZLOGISTICS» мамандары ағымдағы ай ішінде автомобиль және т/ж өткізу пункттерінің жұмыстарына мониторинг жүргізуде. Болжанып отырғандай, бұл зерделеуге қажетті кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен өткізу пункттерін жарақтандыруды, оның жұмыс режимін, брокерлік компаниялардың құжаттарды әзірлеу және қалыптастыру, сондай-ақ тасымалдаушылардың жүру жолдарының уақыт шығындарына ықпалын тигізетін басқа да объектілерді қоса алғанда, бірқатар факторлар тартылатын болады.

Қазақстанның көлік одағымен өткізу пункттері жұмысының тиімділігін өлшеу мен қазақстан-қытай шекарасындағы ресімдеуге әдістеме әзірленді, оған сәйкес бағалау жүргізілетін болады.

Айта кетейік, кеден органдарының бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастығы – кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың маңызды құрамдастарының бірі болып табылатынын атап өту маңызды. Ол кәсіпкерлікті қолдауға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. 




Яндекс.Метрика