Халықаралық интеграция

Сенат Төрағасы Грузия Елшісін және БҰҰ-ның Резидент-үйлестірушісін қабылдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақстандағы Елшісі Зураб Патарадзені қабылдады. Елші Сенат Төрағасын Грузиядағы ішкі саяси және әлеуметтік -экономикалық дамуы, сондай-ақ Қазақстанмен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру туралы хабардар етті, деп Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы25 Қаңтар , 09:59

«Екіжақты қатынастардың достық сипаты және келешегі зор екенін атап өте келіп, Қ.Тоқаев грузин парламентшілеріне еліміздің қазіргі дамуы барысымен танысу үшін Қазақстанға келуге шақыруын жолдады», -делінген хабарламада.

Сенат Төрағасы грузин дипломатын Президент Н.Назарбаевтың таяуда жария еткен Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.

Сонда-ақ,  Қ.Тоқаев БҰҰ-ның Резидент-Үйлестірушісі, БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Стивен Туллмен де кездесті. Жүздесушілер Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының өзара іс-қиымылының өзекті мәселелерін талқылады.

 С.Тулл Сенат Төрағасына БҰҰ Даму Бағдарламасының біздің еліміздегі қызметі туралы айтып берді. Қ.Тоқаев Қазақстанның әмбебап әрі баламасыз ұйым болып табылатын БҰҰ-мен өзара іс-қимылының басым сипатын атап өтті.

 




Яндекс.Метрика