Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мемлекеттік басқару Академиясы білім беру үрдісінде e-learning жүйесін белсенді қолданады – Б.Әбдірасілов

Бүгінде ҚР Пезиденті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы 10 бағыт бойынша электонды қашықтықтан оқыту жүйесін кеңінен қолданады, дейді Академия ректоры Болатбек Әбдірасілов Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 25 Қаңтар, 09:22

Академия ректоры e-learning жүйесінің қандай жүйе екенін және нендей мақсатта қолданылатынын түсіндіре келіп, қазіргі таңда көптеген алдыңғы қатарлы оқу орындарында кеңінен қолданысқа еніп жатқанын мәлімдеді.

«Бүгінде тек қана мемлекеттік қызметте емес, кез келген салада жетістікке жету үшін тұрақты түрде білімді шыңдап отыру керек. Өйткені ғылым жаңарып отырады. Жаңа кітаптар жазылып, жаңа технология түрлері қолданысқа енеді. Сол себепті адам заман ағысына еріп отыруы керек. Білім алу көптеген уақытты шығын ететіндіктен, бүгінде бірқатар оқу орындары қашықтықтан оқыту әдісін енгізе бастады. Бұл жұмыс істейтін адамдар үшін өз уақыттарын басқара отырып, өзіне тиімді уақытта білім алуына жағдай жасайды», - дейді ректор.

Оның айтуынша, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы 2011 жылдан бастап e-learning жүйесін белсенді қолдануда.

«Біз барлық мемлекттік қызметкерлерді Акадаемияға шақырып сабақ өткізе алмаймыз. Сол себепті оларға қашықтықтан білім беретіндей жүйені қолға алып отырмыз. Білім берудің бұл түрі бізде 2011 жылдан бастап қолданылып келеді. Өткен жылы біз жүйені кеңейтіп, оқыту бағдарламалар санын 10-ға жеткіздік. Атап айтар болсақ олар – «стратегиялық жоспарлау», «адамдарды басқару», «бюджеттеу» және басқалары. Бізде жұмыс істеп жүрген кез келген адам қашықтықтан білім ала алады», - дейді рекор.

Сонымен қатар, оның айтуынша, аталмыш жүйе өңірлерде үлкен рейтингтік көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Қазіргі таңда ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына сұраныс өте үлкен деңгейде.

«2013 жылы біз онлай конференциялар мен онлайн семинарлар өткізуге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық коммуникациялық жүйені енгіздік. Содан ері өңірлердегі әріптестерімізге бірқатар тренингтер де өткіздік. Мысалға, біздің электронды кітапханамыз бұрын қолжетімсіз болатын еді. Ал қазіргі таңда оған кез келген адам ғаламтор арқылы еніп, өзіне керекті кез келген әдебиетті таба алатындай жағдай жасадық», - дейді Әбдірасілов. 





Яндекс.Метрика