Білім беру

Алматы әкімі ЖОО-да білім сапасын арттыруды міндеттеді

Алматы әкімі мегаполисте білікті кадрлар даярлау үшін білім сапасын арттыруды міндеттеді. Ахметжан Есімов Алматы әкімдігі жанындағы мемлекттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында жоғары оқу орындары ректорларымен кездесіп, білім беру мәселелерін сөз етті.
Алматы қаласы25 Қаңтар , 09:00

«Білім сапасының басты көрсеткіші еңбек нарығында оқу орындарының түлектеріне деген сұраныстан көрінеді. Өткен жылы Жастар саясаты басқармасы мен рекрутингтік агенттік бірлесіп жүргізген сауал барысында өз түлектерін жұмысқа орналастыруда мегаполистің 15 жоғары оқу орны өте төмен көрсеткішке ие болған. Өткен жылы жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 68% болды. Тіпті, 50 пайыздық деңгейге әрең жеткен оқу орындары да баршылық. Жоғары оқу орындарына қарағанда колледж түлектері сұранысқа ие екендігін көрсетті», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына тоқталып, дарынды студенттерді қолдайтын тіимді жүйе ойластыру қажеттігін атап өтті.

«Меніңше оқуда үздіктерді грантқа көшіріп, сабақты дұрыс оқымайтындардың гракнттарын алу қажет», - деді Ахметжан Есімов.

Бас қосуда білім беру мәселесімен қатар студенттердің тұрмыстық жағдайлары да сөз болды. Алматы әкімі қазіргі кезде алда болатынУниверсиада-2017-нің 5000 орынды атлеттер ауылын жарыс аяқталған соң студенттік жатақхана айналдыру қажеттілігінің қарастырылып жатқандығын айтты.

Жалпы Алматыда 40 ЖОО бар, оның 7–і мемлекеттік, қалғандары жекешенікі.

 

 




Яндекс.Метрика