Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Президент міндеттеген кәсіпкерліктің дамуындағы кедергілерді жою бизнестің шарықтауына үлесін қосады- Н. Әлтаев

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзінің 2014 жылғы 17-қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында, мемлекетіміздегі кіші және орта бизнестің дамуына барлық жағдай жасалатынын жеткізді. Өз сөзінде Президент кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін бірқатар құқықтық ережелерді жою, бизнестің өркендеуі мен ел экономикасы нығаюының кепілі болып табылады деп атап айтты, деп Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев мәлімдеді.
Астана қаласы25 Қаңтар , 09:45

«Елбасы сонымен қатар «шағын және орта бизнестің жаңа инновациялық кәсіпорындардың айналасында дамитын болады. Ол индустрияландырудың екінші бесжылдығы «Кәсіпкерлік-2020» жол картасымен байланыстырады» деген ойлары маған керемет әсер қалдырды. Өйткені, бүгінгі таңда облысымызда инновациялық өнімдер шығаратын ондаған кәсіпорындар жұмыс істеуде.  Алайда, олар шикізатты немесе бөлшек заттарды көбінесе сырттан тасымалдайды. Тіпті, шет елден қымбат бағаға әкелетінін жасырмаймыз»,-деді ол.

Сондай-ақ, ол  егер де осындай ірі өндіріс орындарының айналасынан өздеріне қажетті бұйымдар шығаратын шағын кәсіпкерлік субьектілерін ашсақ бәрі де жақсы болар еді деді.

Кәсіпкерлер палатасының директорының айтуынша, біріншіден, Қазақстанда шығарылып жатқан өнім 100 пайыз отандық тауар атанады.Екіншіден, индустрияландырудың  шынай көзделген мақсаты орындалып, ел көл-көсір табысқа көнеледі. Үшіншіден, жұмыссыздық азайып,  адамдар өзін, отбасын асырап қана қоймай, армандаған жақсы өмірге қол жеткізеді.

«Жоғарыда айтып өткенімдей, әрбір Жолдау елді үкілі үмітпен алға жетелеп, асудан асуға өтуге жігер, табандылық сыйлайды. Жолдауда айтылған Елбасының тапсырмаларын орындаудың арқасында бүгініміз кешегідей жақсарып, ертеңіміз күн сәулесіндей елестейді. Мәселен, облысымыздың тек шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша жеткен жетістігін алсақ, көп нәрсеге қанық боламыз. Өңірімізде табыс тауып, Отынымыздың гүлденуіне үлес қосып жатқан іскер азаматтар саны 125 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл республика бойынша жең жоғарғы көрсеткіш. Соңғы мәліметке сүйенсек, Оңтүстіктің кәсіпкерлері бүгінге дейін 534,1 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Сонымен бірге 279,6 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр»,  - деді Н. Әлтаев. 




Яндекс.Метрика