Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

2014 - 2015 оқу жылы қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді Францияның жетекші оқу орындары оқытады - Б.Әбдрасілов

Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерін 2014 - 2015 оқу жылы Францияның екі үздік білім ордалары оқытады. Олар Париж 1 Сорбонна университеті және Ecole Nationale d'administration орталығы, деп ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында ағынан жарылды.
Астана қаласы 24 Қаңтар, 18:23

«Париж 1 Сорбонна университеті жетекші жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарында, ол академиялық деңгейде білім береді. Ал, ENA - Ecole Nationale d'administration - ол мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыратын орталық. Оқуын жақсы тәмәмдаған түлектерге үш бірдей оқу орынының дипломы берілетін болады», - деді Б. Әбдрасілов.

Оның айтуынша, екі жақты білім алу негізінен француз тілін үйретуге бағытталған. Ал, Франциямен бірлескен жаңа жобада ағылшын тіліне басымдық берілген. 

«Француз тілін білетіндер аз. Қазір аз уақыттың ішінде бұл тілді өте жетік меңгеріп алу оңайға соқпайды. Бұрындары ағылшын тілін үйретуде өте жақсы әдістемемен жұмыс істелді. 3-4 айдың ішінде ағылшын тілі білімін айтарлықтай деңгейге көтереміз. Ол үшін қазірде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып келген жас мамандар  еңбек етеді. Әрине, ағылшын тілін еркін меңгерген маман шетелдердің алдыңғы қатарлы ЖОО бағдарламаларынан оңай өте алады», - дейді Академия ректоры.

Оның айтуынша, жаңа оқу бағдарламасы 3 кезеңге бөлінеді. Франциядағы бір жыл бірнеше тәжірибелік және теориялық сабақтардан тұрады.

«Францияда білім алу бір жылға созылады. Бұл жыл бірнеше кезеңге бөлінеді. Тәжірибелік сабақтардың көп бөлігі ENA базасында өткізіледі. Оған Франция мен Еуроодақтың мемлекттік органдарында тәжірибеден өту де қарастырылған. Ал академиялық бөлім, яғни теориялық білім алу сабағы 1 Сорбонна Париж университетінде өткізіледі», - дейді Б. Әбдірасылов.





Яндекс.Метрика