Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

2050 Стратегиясы – барлық қазақстандықтарды жұмылуға шақыратын мақсатты бағдарлама – британдық профессор Джоэл Кловис

ҚР Президентінің Жолдауы 2050 Стратегиясы бойынша елдің дамуына бағытталған. Бұл өте мақсатты бағдарлама, барлық қазақстандықтардың басын біріктіріп тапсырмаларды орындауға шақырады, деді Шығыс Англия университетінің (University of East Anglia) аспирантура бөлімінің меңгерушісі Джоэл Кловис.
Әлемде24 Қаңтар , 18:10

«Менің пікірімше,  Қазақстан халқы бірге, біртұтас ел. Бұл әлемде кездесе бермейтін сирек  құбылыс.  Сондай-ақ, мемлекеттік құжаттар елдің ішкі проблемаларына бағытталған. Әрбір жетекші өзінің мақсат-міндеттерін жетік  біліп, олардың жүзеге асырылуын қарастырады. Сіздердің Президент Қазақстанға жаһандық  даму көзқарасы арқылы қарайды. Менің пікірімше, осындай аз уақыт ішінде мемлекетті  бұлай гүлдендіру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өз алдына мақсатты міндет қойып оған жете білу жоғары қолпаштауға ие. Мен қазақстандықтар қойылған мақсатқа жұмыла жету керек деп ойлаймын», - деді ол.

Профессор айтқандай, өз мақсатына қанішерлікпен емес, табандылықпен жету керек. Қазақстанның жетістігі осында, оның айтуынша, әлемдік жетекші ядролық қарудан бас тарта отырып, гүлденген қалаға айналу мүмкіндігін дәлелдеді.

«Бұл өте батыл қадам. Әсіресе демократиясы енді қалыптасып келе жатқан жас ел үшін. Менің ойымша, мұндай теңдессіз жолды бағындыру оңай емес. Және бұндай қадамдардың дұрыс-бұрыстығын тек уақыт қана көрсете алады. Әзірге айта алатыным, сіздің елдеріңіз үлкен беделге ие. Тәуекелге бару мен шикізаттық тәуелділіктен арылу, теңізге шығу мүмкіндігінің жоқтығынан тасымалдаудың баламалы жолдарын іздеу, көршілес елдер және сауда серіктестерімен достастық қарым-қатынас құру үлкен сенімді қажет етеді. Сонымен қатар, Қазақстан ДСҰ-на енуді көздеп отыр. Бұл өз кезегінде елдің іскерлік ортасын кеңейтуді талап етеді. Барлық әлем елдерімен қатынас құруға мәжбүрлейді. Қазақстан өркениетті әлемнің бір бөлігі, сенімді әріптес, туристердің қызығушылығын тудыратын мемлекетболуға тырысады. Бұгың бәрі менің ойымша, дұрыс шешім, оны қолдау керек», - деп нақтылады.




Яндекс.Метрика