«Қазақстанның кезекті жетістіктеріне куә болып отырғанымыз біз үшін қуаныш сыйлайды. Соңғы екі онжылдықта Қазақстан Президенті мен оның командасының алға қойған мақсаттарының орындалуы мен жетістікке жетуі көз алдымызда өтіп жатыр. Өзге елдермен ҚР-дағы реформалардың жетістіктерін салыстырғанда Қазақстанның барлық критериі бойынша көшбасшы екенін көре аламыз. Бүгінде Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына енуіне барлық мүмкіндігі бар», - дейді М.Восканян.
Оның айтуынша, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауы экономикалық және саяси кеңістікте үлкен шыңдарды мақсат етіп, ауқымды шараларды қолға алғанының көрінісі.
«Жолдауда айтылған тапсырмалар мен міндеттемелердің ауқымдылығы мен мақсатты жұмыстарын баса айтқым келеді. Ол өз кезегінде мемлекеттің алдағы 30-50 жылда мемлекет дамуының стратегиялық жоспарын қамтиды», - дейді ғалым.
Осыған қарамастан, Жолдауда маңызды экономикалық және әлеуметтік міндеттерден бөлек, «жасыл» экономика құру мақсаты қойылған.
«Сондай-ақ, Елбасы халыққа жолдауында ғылым мен ғылымды қажетсінетін өндірісті атап өтті. Бұл Қазақстан адам капиталын одан әрі дамыту үшін көбірек көңіл бөліп келе жатқанын білдіреді. Ол өз кезегінде мемлекетіміздің экономикалық-әлеуметтік жетістіктерге тезірек жетуіне септігін тигізеді. Менің ойымша, Қазақстан даму жағынан көптеген елдерге жарқын мысал бола алады», - деді М. Восканян.