Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

А.Шпекбаев: ҚР-да құқық қорғау саласының жаңа идеологиясы мен пішіні құрылуда

ҚР-да соңғы 3 жыл ішінде құқық қорғау саласының жаңа идеологиясы мен жаңа пішіні құрылуына бағытталған өзгерістер орындалуда, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев.
Астана қаласы24 Қаңтар , 14:45

«Соңғы үш жылда құқық қорғау саласының жаңа идеологиясы мен жаңа  пішіні  құрылуына бағытталған өзгерістер орындалды деп айтуға толық айта аламыз. Заңнаманың гумандануы қылмыстық жауапкершілікке тарту орбитасына кірген адамдар санының айтарлықтай азаюына, елдің түрмедегі жазасын өтеушілер санының төрттен бірге дейін қысқаруына алып келді», - деді ПӘ құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі процестердің жеңілдетілуі орта және кіші деңгейдегі қылмыстар бойынша қылмыстық істі зерттеу кезіндегі формализм мен кешіктірушілікті жеңу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

 «Бүгінде ІІМ тарапынан сотқа 27 пайыз, ал қаржы полициясына   19 пайыз қылмыстық іс бағытталды. Құқық қорғау органдары өз күш-қуатын қоғамға әсер ететін қауіпті  істерге бағыттауға мүмкіндік алды. Барлық реформалар қазақстандықтардың полицияны біріншіден өзінің әлеуметтік серіктестігі ретінде қабылдауға бағытталды. Бұл 2013 жылдың 17 қаңтарында Мемлекет басшысы жүктеген барлық тапсырмалар  тізімі емес», - деді ол. 




Яндекс.Метрика