Өңірлер

Алматы облысында 200-ден астам әлеуметтік-мәдени тынығу нысандары салынуда

Алматы облысында 215 әлеуметтік-мәдени тынығу нысандары салынуда, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы24 Қаңтар , 17:21

«Оның 48-і  білім нысаны болса, олардың 30 мектеп, 8 балабақша мен 1 қала сыртындағы лагерь және Оқушылар сарайы және басқалар. Отыз білім нысанының 15 2014 жылы халық игілігіне берілсе, қалғаны  2015 жылдың еншісіне қалдырылды», - делінген хабарламада.

 Аймақта денсаулық сақтау саласына ерекша назар аударылуда. Елбасының халыққа Жолдауының аясында өңір басшысы Аңсар Мұсаханов уәкілетті орган басшылары мен орынбасарларына «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының екінші кезеңін жалғастыру және «Кезексіз емхана» саясатын жетілдіріп, алғашқы көмек көрсету мекемелерін сауатты мамандармен толықтыру және медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру мәселесін назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

Бүгінде салынатын 215 нысанның 39 денсаулық сақтау мекемесі, ал олардың 34 ауылдық дәрігерлік-амбулатория ғимараттары.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 81 тұрғын үй салынуда. Оның 79 биыл пайдалануға беріледі. Ал, салынып жатқан 10 спорттық нысанның  8-і ағымдағы жылы іске қосылады. 




Яндекс.Метрика