Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

А. Мұсаханов: «Мәңгілік ел» идеясы – келешектің жолы

Дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатымен ұштасып жатқан, Қазақстан - 2050 стратегиясының түп қазығы саналатын бұл идея барша қазақстандықтардың болашаққа деген сенімін арттыратын басты ұстаным, деді Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов.
Алматы24 Қаңтар , 16:50

«Елбасының жыл сайынғы Жолдауы айқын мақсатқа бағыттап, нақты іске жұмылдырып келеді. Президент жолдаулары еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы әрбір өсу жолын, алға жасаған әрбір қадамын, алған асуы мен шыққан белесін айқындайтын, ертеңгі күні атқарылар ерен істердің жоспарын белгілеген құнды құжат ретінде тарихта қалатыны ақиқат», - деді А. Мұсаханов.

Сондай-ақ, ол Жолдауда Елбасы Үкіметке, атқарушы органдарға үлкен міндеттер жүктеп, Қазақстан - 2050 Стратегиясындағы жоспарлардың мәні мен маңызын айқындай түскендігін атап өтті.  

«Ұзақмерзімді басымдықтар қатарындағы экономикалық өсім, агроөнеркәсіптегі бизнесті, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, адам әлеуетін арттыру, мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру сияқты келелі міндеттер - атқарушы билік жұмысының басты бағдары болмақ», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика