Білім беру

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ азиялық университеттер қауымдастығының мүшесі атанды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті азиялық университеттер қауымдастығының қауымдастырылған мүшесі болды.
Астана қаласы24 Қаңтар , 16:30

«Еуразия ұлттық университеті 2015 жылы азиялық университеттер қауымдастығының толыққанды мүшесі бола алады. Бұл туралы жоғарғы оқу орынының атына жіберілген ресми хатта айтылған», - делінген университетте.

Ол үшін келер жылы өтетін Қауымдастық Съезін күту керек.  Себебі, бар мәселе сол алқалы отырыста шешіледі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті азиялық университеттер қауымдастығының мүшелігіне енуі үшін Халықаралық қатынас департаментінің халықаралық қызметті дамыту бөлімі қыруар іс атқарды.

Айта кетерлік жайт, АУҚ құрылтайшылары ретінде 8 елден 29 оқу орны белгіленген. Бұл бірыңғай азиялық білім беру кеңістігін қалыптастыру мақсатында құрылған Азия аймағындағы университеттердің ерікті бірлестігі. АУҚ оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық бағытта бірлесе жұмыс істеуге, білім ордаларындағы әлеуметтік ахуалды дамыту сияқты бірқатар жұмыстарды ұйымдастырып, жүзеге асырады.

 

 

 




Яндекс.Метрика