Жолдаудың басты мазмұны – тынбай еңбек ету

Біздің еліміз өзінің даму жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізді, алайда қазір қол қусырып отыратын кез емес. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына биылғы Жолдауының негізгі мазмұны, дейді «Аяз би» ауыл мәдениетін қолдау қорының жетекшісі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жеңіс Аронов.
Атырау24 Қаңтар , 16:02

«Алда атқарылар жұмыс көп. Мәселе тек қана экономикалық көрсеткіштерде ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік стандарттарды да арттыру керек. Өзіміздің тарих пен мәдениеттің насихатын да назардан тыс қалдырмау керек. Еңбекке баулу мен адамгершілік қасиеттер де халқымыздың басты құндылықтарының бірі. Бұларсыз ел өркендей алмайды. Мемлекет басшысы айтқандай, білім мен кәсібилік, жұмыс істеуге деген құштарлық пен жаңа заманауи өзгерістерді игеру Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттерінің қатарына енуге мүмкіндік берді», - деді Ж.Аронов.

Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру тек мемлекеттің әлеуетін ғана жаңа биіктерге жетелемей, барлық қазақстандықтардың өмір сүру салты мен деңгейін көтермек. Бұның ішінде қоғамның өміріндегі барлық көрсеткіштер бойынша алға жылжу қарастырылады.

«Өзімнің өмір жолымда көпті көрген адам ретінде мен тек қазақстандықтардың күш-жігері мен еңбегі ғана аталмыш ірі көлемдегі жобаны іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Әр қазақстандық өзіне өзі «Мен Қазақстанның гүлденуі жолында қандай үлесімді қостым?» деген сұрақ қоюы керек. Қазірде айналаңызға қарасаңыз өзінің табан ақы, маңдай терімен еңбек қылып мемлекттік субсидиясыз-ақ шаруаларын дөңгелетіп алып кеткен, сонымен қатар өзгелерге де жұмыс орындарын ашып, нарықтың икеміне бейімделіп кеткен кәсіпкерлер бар. Бұндай адамдар әлі де көбейе түсуі керек. Елбасының айтуынша, «шағын кәсіпкерлік отбасылық шаруашылыққа айналуы керек. Кейін ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруы керек». Сол себепті бизнестің дамуына жағдай жасап, құқықтық механизмдерді оңайлату керек», - деді Ж.Аронов.

Халықтың бірлігінің арқасында еңбек пен ой ынтымақтастығы салтанат құрып, болашақтың жолында жарқын жоспарлар қолға алынуда дейді жазушы.

«Басқа сөзбен айтар болсақ, өзіңнің еңбегіңе арқа сүйемей алысқа бара алмайсыз. Бұл патриотизмнің талабы. Осыған орай мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысымен біріге отырып «Мәңгілік Ел» патриоттық актін қабылдауды тапсырғанын өз уақытында көтерілген мәселе деп ойлаймын. Ұлттық идея төңірегінде топтасқан халыққа ғана жоғары жетістіктерге қол жеткізуге болады. Президенттің саясси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді және барша қазақстандықтарды мемлекеттің маңызды міндеттемесі «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуына ат салысуға шақыруы тегін емес. Бұл біздің ортақ Отанымыз. Біздің тағдырымыз ортақ, болашағымыз ортақ», - дейді Ж.Аронов.




Яндекс.Метрика