Мемлекетті басқарудың жаңа типі

Астанада мемқызметкерлердің жеке құзыретін бағалау бойынша мастер-класс өтеді

Астанада «Қазақстан –2050» Стратегиясы: мемлекеттік қызмет саласында кадрлар даярлауды жетілдіру және ғылыми зерттеулерді дамыту» бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференциясы барысында мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалық құзыретін бағалау және «А» корпусының қалыптастыру бойынша мастер-кластар өткізу жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы05 Наурыз , 00:00

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан –2050» Стратегиясы: мемлекеттік қызмет саласында кадрлар даярлауды жетілдіру және ғылыми зерттеулерді дамыту» бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.

Конференцияның пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  төрағасы Байменов А.М., Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет  және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі Дәуешов М.Е., Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Абдрасилов Б.С. сөз сөйледі.

Ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына  жоғары оқу, ғылыми-білім мекемелерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді өңірлік оқыту орталықтарының қызметкерлері қатысты.

Ғылыми-практикалық конференция аясында 3 секция бойынша жұмыс ұйымдастырылуда, конференция шеңберінде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру сапасын көтеру, мемлекеттік басқаруды жаңғырту және мемлекеттік аппараттың кадрлар әлеуетін нығайту бөлігінде  «Қазақстан – 2050» Стратегиясын ғылыми-әдіснамалық сүйемелдеудің  өзекті мәселелері талқыланады.  Сондай-ақ бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушы дарынды жастарды  кейіннен мемлекеттік басқару органдарына жұмысқа тарту үшін айқындау мен іріктеу мәселелері қарастыруда.

Конференция аясында, мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалық құзыретін бағалау және «А» корпусының қалыптастыру бойынша мастер-кластар өткізіледі. Конференция қатысушылары  Академияның  тұлғалық құзыретін айқындау және психометрия бойынша моделімен танысатын болады.




Яндекс.Метрика