«Көрмеге қатысушы елдерге өзінің туристік әлеуетінің мүмкіншілігімен таныстырып, дара мәдениеті мен салт-дәстүрімен бөлісуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Еліміздің туристік мүмкіншілігін Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Атырау облыстарынан келген делегация таныстыратын болады.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация көрме барысында Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысы жайлы айтып береді.
«Көрме аясында ұлттық аспаптарда (домбыра, шаңқобыз, сазсырнай, дауылпаз, сусылдыр) ойнайтын музыканттар өнер көрсетіп, киізден бұйым жасау туралы мастер -класс өткізіледі. Сонымен қатар, қатысушыларға қазақтың ұлттық дастарханымен танысуға жағдай жасалады», - деп комитеттен түсіндіріліп өтті.
Айта кетерлік жайт, көрмеге 2013 жылы 67 елден келген 4 мың адам қатысты. Оның үстіне, көрме жұмысымен туризм саласындағы 58 мыңнан астам кәсіби мамандар мен 72 мың қонақ танысып қайтты.