Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жолдаудағы маңызды бағыт – халықтың тұрмысын жақсарту - Т. Кравченко

ҚР Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Жолдауында айтылғандай халықтың тұрмысын жақсарту аса маңызды, атап айтатын болсақ, денсаулық және білім саласының қызметкерлерінің жалақысын, мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы көлемін арттыру, деп есептейді «Лучик надежды» ҚҚҚ төрағасы, Қарағанды қаласы маслихатының депутаты Татьяна Кравченко.
Қарағанды24 Қаңтар , 15:20

 «Мені, мүмкіндігі шектеулі жастар және балалармен жұмыс істейтін мемлекеттік емес ұйымның төрағасы ретінде Елбасының Жолдауда кембағал жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру және оларды жұмыспен қамту мәселесін көтергені қатты қуантты», - деді сөз басында  Т. Кравченко.

Оның айтуынша Мемлекет басшысының бизнес өкілдері мен кәсіпорын басшыларын жарымжан жандарды жұмысқа көптеп тартуға шақыруы аса маңызды. Себебі, мұндай адамдар көптеген ұйымдар мен өндіріс ошақтарында жұмыс істей алады.

«Мүгедектерді жұмысқа алу олардың армандарын орындау және қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беру болып табылады. Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында берген барлық тапсырмалары дер кезінде орындалатын болады», - деп Т. Кравченко атап өтті.

 

 




Яндекс.Метрика