Өңірлер

ШҚО-да «Қазақстанда біріге жасалған» сұхбаттасу алаңы өтті

ШҚО-да 120 астам республиканың әр аймағынан келген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірушілерінің, жүйені құрайтын кәсіпорындардың және жер қойнауын пайдаланушы-компаниялардың арасында тиімді сұхбаттасу алаңы өткізілді.
Шығыс Қазақстан 24 Қаңтар, 15:10

Шара барысында қазақстандық өндірушілердің өнімдері таныстырылды. Ірі аймақтық кәсіпкерлер отандық тауар өндірушілердің тауарын бағалады.

 «Қалатүзуші компаниялардың осындай шараларына шағын және орта бизнес өкілдері қатысу керек. Мысалы «Қазмырыш» ЖШС жылына сатып алу бойынша 240 млрд теңгенің тауарлары, жұмыстары мен қызметтерін пайдаланады», -деді «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Бектүргенев.

ШҚО -да отандық бизнесті қолдау серіктестік бағдарламасына қатысушыларына арналған сұхбаттасу алаңы тұрақты түрде  ұйымдастырып келеді.

2013 жылы серіктестік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысында тек «Казмырыш» компаниясы өткізілген 5 кездесуде 26 кәсіпорынмен 1 жылдан астам уақытқа 30 млрд. теңге көлемінде ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді меморандумдарға қол қойылған.

«Жергілікті атқарушы органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұлттық компаниялар, жүйе түзуші кәсіпорындармен бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесі жақсы. ШҚО -да осы күнге дейін 90 млрд, теңгеден астам соммаға келісім шарттар жасалды. Бұл тек басатамасы ғана. Көрсеткіш тұрақты түрде жоғарылайтын болады. Оған өз тарапымыздан барлық жағдайды жасаймыз»,- деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев.

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика