Халықаралық интеграция

Мемлекет басшысы «Тоталь» компаниясының президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Тоталь» компаниясының президенті Кристоф де Маржеримен кездесу өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде24 Қаңтар , 14:15

 «Әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы қазіргі қызметі және оның Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімдерді бөлу туралы келісімге қатысуының мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Кристоф Де Маржери инвестиция тартудың және жаңа технологияның арқасында Қазақстанның мұнай-газ саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Тараптар Қашаған кен орнын игеруді жүзеге асыруға қатысты ахуалға да тоқталды. Осыған байланысты «Тоталь» басшысы келісімге қатысушылар өндіруді кідіртудің себептерін жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынына сендірді.

Қазақстан Президенті адами капиталды дамытуға және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.

 

 

 




Яндекс.Метрика