Мәдениетті жаңғырту

Астанада қосымша мәдени мекемелер мен әлеуметтік институттар ашу керек - Ә.Өміршина

Бүгінде Астанада насихаттау және түсіндіру жұмыстарымен айналысатын жақсы алаңдар мен әлеуметтік институттарды ашу қажет, деп «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген тақырыппен өткен дөңгелек үстелде Тәуелсіздік сарайының жетекшісі Әсел Өміршина мәлім етті.
Астана қаласы24 Қаңтар , 14:07

«Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында және бұған дейінгі құжаттарда мәдениет саласын талай рет көтерді.  Менің ойымша бүгін шешуге болатын мәселені, ертеңгі күннің еншісіне қалдырудың қажеті жоқ. Бүгінде қордаланған мәселе өте көп. Рас, жаңа Жолдауда мәдениет саласына үлкен көңіл бөлінген және онда айтылған сөздер мен үшін қымбат», - деп Әсел Өміршина ағынан жарылды.

Маманның айтуынша, бүгінде Астанада насихаттау және түсіндіру жұмыстарымен айналысатын жақсы алаңдар мен әлеуметтік институттарды ашу керек.  Оның ішінде саяси-мәдени насихаттық жұмыспен ғана емес, халыққа рухани дүниелерді паш ететін мәдени мекемелерді көп болғаны абзал.

«Басты мақсат осы саланы жоғары деңгейге көтеру және халық бірден қабылдауы үшін технологиялық көрмелер ұйымдастыру қажет. Алайда, қанымызға сіңген ұлттық және дәстүрлі құндылықтарымызды ұмытпағанымыз жөн», - деді сөз соңында мәдениет саласының қызметкері. 

 

 

 




Яндекс.Метрика