Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Қостанайда 2013 жылы кредиттік баспана құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалмақ

Қостанайда 2013 жылы кредиттік баспана құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсау көзделген. Бұл туралы BNews.kzтілшісіне Қостанай қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің бастығы Александр Маклюк мәлім етті.
Қостанай01 Наурыз , 00:00

«Халыққа арналған кредиттік баспана құрылысына биылғы жылы шамамен 1,5 млрд теңге бөлініп отыр. Жайлылығы жағынан екі деңгейлі – шаршы метріне 90 мың теңге болатын үшінші деңгейлі және шаршы метрі 80 мың теңгелік төртінші деңгейлі тұрғын үйлер бой көтермек. Бұл сомалар инженерлік желілерді тарту жұмыстарын қосе есептемегенде алынып отыр», - деп мәлім етті ол. 


Құрылыс бөлім бастығының айтуына қарағанда, ағымдағы жылдың сәуір айында 1 Красная шағын ауданындағы 126-пәтерлі үйді пайдалануға беру жоспарланған. 

«Бұдан бөлек, Быковский мен Маяковский көшелерінің қиылысында 60-пәтерлі үйдің құрылысы, Гашек пен Чкалов көшелерінің қиылысында көпқабатты үйдің құрылысы жоспарда бар. Сонымен қатар әуежай маңында жас отбасыларға арналған төрт үйдің құрылысы және №3 мектеп маңындағы бір топ көпқабатты үйлердің құрылысы жалғасып жатыр. Әуежай маңындағы үйлерден бөлек, Рабочая көшесі бойынан жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй салынатын болады», - деп атап өтті А.Маклюк.

А.Маклюк сұхбат барысында жас отбасыларды баспанамен қамту мақсатында 341 млн теңге бөлінгенін айтып кетті. 




Яндекс.Метрика