Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының жаңа Тұжырымдамасы қаралады

2014-2020 жылдарға арналған ҚР құқық қорғау жүйесін ары қарай жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының жаңа тұжырымдамасы қаралады, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев.
Казахстан24 Қаңтар , 13:20

«Мемлекеттік бағдарламаның іске асыруындағы маңызды құралдардың бірі ретінде біз құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының жаңа тұжырымдамасын қараудамыз. Аталмыш құжаттың басты мақсаты – жоғарғы мәдениетке ие және үлкен абыройдың адамы болып келетін тұлға бейнесін қалыптастыру. 17 қаңтардағы халыққа Жолдауда Президент пагондағы адамдардың үлкен құзіретке ие екенін және олардың соған сай мәдениетке ие және үлкен абыройдың адамы болып келетін тұлға болуы керектігін айтқан еді. Бұл міндеттеме құқық қорғау органдарының барлық кадрлық саясатының өлшемі болмақ», - деді А.Шпекбаев.

Тұжырымдамада қызметкерлердің ынтасын арттыру мен мамандардың қажеттіліктерін жобалау, қызметкерлерді іріктеу , аттестация мен кадрларды тағайындаудың сапасын арттыру қарастырылған.

«Құқық қорғау органдары қызметкерлігінен қазақстандықтар өздерінің қамыт жеп, мүдделерін қорғайтын мамандарды көрулері керек. Кезектен тыс аттестация жеке құрамның кешенді жүйесін құруда үлкен қажеттіліктің барын анықтады. Осы мәселе бойынша біз жұмыс істейтін боламыз. Алайда алдыңғы қатарлы еуропалық әдістемелер мен талаптар бойынша Нобіліктілікті арттыру мен алғашқы кездегі дайындау жүйесі реформаланады. Алдыңғы кездегі дайындау бойынша еуропалық үздік тәжірибелер бар. Біз оны қарастырдық, салыстырдық, Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің ыңғайына қарастырдық. Егер біздің елде алдыңғы кездердегі құқық қорғау жүйесіндегі дайындық 10 күннен 2 айға дейін созылатын болса, еуропалық стандарт бойынша бұл мерзім 3 айдан 3 жылға дейін созылады. Менің ойымша, осы жерде көптеген мәселелерді қарастыру керек болады. Бірінші кезектегі дайындықтан бастап, қайта даярлау, біліктілікті артыру жұмыстарына дейін. Шынымен де, жекелеген бағыттардан айырылып қалған бізде қазіргі кезде көптеген шешілмеген мәселелер бар», - деді.

Қазіргі таңда жұмысқа қабылдау, қызметтік зерттеу жүргізу мен аттестациия бойынша құқықтық негіздер құрылды. ҚР Президенті жанынан құқық қорғау жүйесіндегі кадрлық саясаттың комиссиясы құрылып, президенттік резервті құру ережелері мақұлданды.




Яндекс.Метрика