Халықаралық интеграция

Мемлекет басшысы «Бомбардьер» компаниясының президенті Пьер Бодуэнмен кездесті

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Бомбардьер» компаниясының президенті Пьер Бодуэнмен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы24 Қаңтар , 13:04

«Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы жұмысының басталуының мәселелері қаралды. «Бомбардьер» өкілдері қазірдің өзінде әлеуетті серіктестерімен бірқатар келіссөздер жүргізгені атап өтілді», - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті өсу үстіндегі ел экономикасының сұранысы мен көлік инфрақұрылымының даму қарқынын ескергенде, канадалық кәсіпорынның республикамызда қызмет етуі үшін жақсы мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

П.Бодуэн «Бомбардьердің» әрдайым жаңа елдегі жұмысын бастаған кезде ұзақмерзімді мақсат қоятынын мәлім етті. Ол адами капиталды дамыту және өз кәсіпорындарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік компаниялар құру жоспарлары туралы айтып берді. 

Компания басшысы авиация және теміржол машина жасау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзір екендіктерін де жеткізді.

 




Яндекс.Метрика