Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

2014 жылы Мемлекеттік басқару академиясы аудан әкімдерін дистанционды түрде оқыта бастайды - Б. Әбдрасілов

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы 2014 жылдан бастап аудан әкімдерін дистанционды түрде оқыта бастайды, деп Академия ректоры Болатбек Әбдрасілов «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында хабарлады.
Казахстан 24 Қаңтар, 12:56

«Өткен жылы біз отандық хатшылар мен аппарат жетекшілерін оқыттық. Бүгінде біз «А» корпусына жататын өзгеде органдардың өкілдеріне арнайы бағдарлама дайындадық. Атап айтатын болса, арнайы оқудан аудан әкімдері, комитет төрағалары, Президент әкімшілігінің секторларының меңгерушілері және  Премьер-Министр кеңсесінің және басқа да мемлекеттік органдардың меңгерушілері өтеді», - деді Б.Әбдрасілов.

Оның айтуынша, 2014 жылдың ақпан айының соңына қарай Академияда ауыл округтарының  әкімдеріне құзыретіне кіретін уәклдіктерді негізге ала отырып жаңа бағдарламаны іске қосады.

«Мәселен аудан әкімдері үшін маңыздысы бюджеттің толық игерілуі, халықпен жұмыс істеу, ірі жобаларды, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік заңнамалық ұсыныстарды уақытылы жүзеге асыру болып табылады. Біз осындай көшбасшылық қасиеттерді олардың бойында дамытып, бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз. Біздің бағдарламаларымыздың барлығы корпуска өкілдерінің жеке қабілетін дамытуға бағытталатын болады», - деп ректор тың жобаларымен бөлісті. 

 

Жақында академия 3 аптаға созылатын «А» корпусының мамандарын қайта даярлайтын  курсты іске қосады.

 

«Бұған дейін біз мемлекеттік қызметкерлерді Астанаға шақыртатынбыз. Олар үш апта бойы осында білімдерін жетілдіретін. Алайда біз аудан немесе қала әкімдерін Астанаға үш аптаға шақыра алмаймыз. Сондықтанда оларды қашықтықтан оқытатын боламыз», - деп Академия басшысы ағынан жарылды.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика