Мәдениетті жаңғырту

«Мәңгілік ел» –уақыттың сынынан өткен құндылық – Қ. Қазкенов

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – уақыттың сынынан өткен құндылық, деп мәлімдеді «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешеніндегі «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында «Нұр Отан» ХДП сараптама, болжам мен әлеуметтік бастамалар орталығының жетекшісі Қазбек Қазкенов.
Астана қаласы24 Қаңтар , 12:26

«Біздің халқымыздың тағдырында, соның ішінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және рухани орнығу процесінде «Қазақстандық жол-2050» рухани іргетасы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы үлкен рөлге ие. Онда бірліктің, тұрақтылықтык, келісім мен еліміздің бейбіт дамуының негізі болып табылатын басты қоғамдық құндылықтарымыз бар. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – уақыттың сынынан өткен құндылық», - деді Қ.Қазкенов.

Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы, G-Global, «жалпыхалықтық еңбек қоғамы», «Нұр Отан» партиясы доктринасы мен Президенттің Қазақстан халқына  кезекті Жолдауы – бір-бірінен ажыратуы мүмкін емес біртұтас мемлекеттік құжат.

«Аталмыш құжаттардың үндестігі Қазақстанды аяғына нық тұрғызады. Бұл мәдениет пен өркениет, формация мен герменевтика көрсеткіші. Осындай стратегиялық құжаты бар біздің ел бақытты», - дейді.

 




Яндекс.Метрика