Басқару

ҚР-да құқық қорғау орғандарының қызметін сырттай бағалайтын өлшемдерді әзірлеу және қабылдау ұсынылуда - А. Шпекбаев

Қазақстанда жергілікті жұрттың құқық қорғау органдарының жүйесіне сенімін арттыру үшін олардың жұмысын сырттай бақылау критерилері жасалып, енгізілмекші. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Қаңтар , 12:20

«ҚР 2014-2020 жылдарға арналған еліміздің құқық қорғау органдарының жүйесін жаңарту бағдарламасының негізгі индикаторы ретінде халықтың оларға сенімін арттыру аса маңызды. Себебі, жәбір көрген көптеген азаматтар араша сұрап полицияға көбіне жүгіне бермейді. Тұрғындардың құқық қорғау органдарына үрке қарауы қылмысты алдын алуға және азаматтық қоғамды сақтандыруға кесірін тигізуде», - деді А.Шпекбаев.

Сонымен қатар, ол  дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып құқық қорғау органдарының жұмысын сырттай бағалау критерилерін жасақтау және пайдалануды, мониторинг жүргізіп, қоғамдық пікірді сараптауды ұсынды.

 «Біздің мақсатымыз ведомствоның көрсеткіштеріне сүйенетін жүйенің әсерін бәсеңдетіп, полиция қызметіне бақылауды күшейту», - деп ол өзінің ойын толықтырды.

Мембағдарламада құқық қорғау органдарының көрсететін қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шаралар қарастырылған. 

«Бүгінде құқық қорғау органдары 40-тан астам қызмет түрін көрсетсе, оның 13 халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі. Жалпы, қазіргі таңда көлікті тіркейтін, жүргізуші куәлігі мен техникалық куәлікті беретін арнайы мамандандырылған ХҚКО жұмыс істей бастады.», - деп А. Шпекбаев ойын түйді.




Яндекс.Метрика