Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР-да 2020 жылға қарай жоғарғы деңгейдегі халықаралық талаптарға сай келетін құқық қорғау жүйесі құрылады – А.Шпекбаев

ҚР-да 2020 жылға қарай жоғарғы деңгейдегі халықаралық талаптарға сай келетін құқық қорғау жүйесі құрылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев.
Нұр-Сұлтан24 Қаңтар , 11:52

«Бүгінде біздің алдымызға 2020 жылға қарай жоғарғы деңгейдегі халықаралық талаптарға сай келетін құқық қорғау жүйесін құру тапсырмасы қойылып отыр. Бұл мақсат құқық қорғау саласындағы барлық өзгерістерді қамтитын бастама болады», - деді А.Шпекбаев.

Брифингте ол аталмыш бағыттағы жұмыстардың бірнешеуіне тоқтала кетті.

«Қылмыстық-құқықтық салада заңнаманы нығайту жолымен алдағы уақытта даму үшін тұтастай маңызды өзгерістер орын алатын болады. Мысалға, жаңа Қылмыстық-процессуалды кодекстің қабылдануы Қазақстанда азаматтардың жекелеген құқықтарын қорғаудың тиімді жолын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қылмыстық сот өндрісінің замануи талаптарын енгізуге бастама болмақ. Сот алдындағы кезеңдердегі қылмыстық процесстерде азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқын шектейтін процессуалды мәжбүрлеу шаралары сот бақылауында болатын болады», - деді А.Шпекбаев.

Сонымен қатар, тергеудің жеделдетірілген формасы мен қысқартылған сот алды өндірісі жеңіл қылмыстық іс бойынша қылмысты іздестірудің қымбат процедурасынан  тартқызады.

«Бұл өте маңызды, аталмыш кезеңде көбіне конституциялық құқық бұзылады және заңнамалық мүдде аяққа тапталады», - дейді А.Шпекбаев.

ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің айтуынша, Парламентте жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу және әкімшілік құқық бұзу кодекстері қарауда жатыр.




Яндекс.Метрика