Білім беру

Қазақстанда ректорлар Консорциумы құрылды

Қазақстанның алдыңғы қатарлы 8 ЖОО ректорлар Консорциумын құрды.
Казахстан24 Қаңтар , 11:30

 «Консорциумның ұйымдастыру мəселелеріне арналған алғашқы құрылтай отырысы Алматының ҚМЭБИ-дің «Басқарушы білім орталығында» өтеді. Болашақта елдің басқа ЖОО-ларын қамти отырып, консорциумды кеңейту жоспарланып отыр.Консорциумның құрылтайшы ЖОО-лары қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Назарбаев Университеті, Халықаралық бизнес академиясы»- делінген университетте.

Отырысқа құрылтайшы ЖОО-лардың ректорлары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым вице-министрі профессор Т.О. Балықбаев қатысады.Консорциум қызметттері үш негізгі салаға шоғырланатын болады

Білім жəне ғылым министрлігіне академиялық автономияны жəне еркіндікті енгізу, ғылымизерттеулерді жетілдіру, жоғары білімді жаңарту жəне интернационалдандыру, сонымен қатар Қазақстан ЖОО-ларын үздік əлемдік практиктермен сəйкестендіру жəне Болония процесін іске асыру жөнінде консультация мен ұсыныстар беру. Сондай-ақ, консорциум автономияны жетілдіру, жаңарту жəне интернационалдандыру мəселелері бойынша БҒМ-ға консультация беретін Халықаралық сараптау комитетіне кандидатураларды іріктеуге көмек көрсететін болады.

Консорциум халықаралық деңгейде танылған жоғары білім саласындағы Орта-Азиялық аккредитациялау агенттіктің ұйымдастыруын жəне дамуын басқаратын болады.

Жоғары білімнің дамуына көмек көрсету мақсатында Қазақстан ЖОО-лары үшін тренингтер мен сараптық қолдауды ұйымдастыру. Тренингтер жаңартуға, интернационалдандыруға, басқару жүйелеріне, ашықтыққа, ғылыми зерттеулерге, Болония процесін енгізуге жəне сонымен қатар халықаралық аккредитацияны алуға шоғырланатын болады (көрсетілгендермен шектелмейді).
 




Яндекс.Метрика