Өңірлер

«БЖК - 2020» бағдарламасы бойынша Петропавлдағы нан комбинаты жаңғыртылды

Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Нан Инвест кондитер» нан комбинаты жаңғыртылды, деп СҚО ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Солтүстік Қазақстан24 Қаңтар , 11:23

«Петропавлдағы ірі кәсіпорынды жаңарту мемлекеттік қолдау аясында жүргізілді. Комбинат «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында  14 млн. теңгені субсидияға алды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2014 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Аға Синьорлар» бағдарламасының шеңберінде кәсіпорынның мамандарын оқыту көзделуде.

Айта кетерлік жайт, 2014 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1,4 млрд. теңге бөлінді, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 15%-ға жоғары.  




Яндекс.Метрика