Мәдениетті жаңғырту

Астанада мәдениет және өнер қайраткерлері Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауда

Бүгін «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр. Оған Астана қаласының мәдениет мекемелерінің жетекшілері қатысуда.
Нұр-Сұлтан 24 Қаңтар, 11:11

Дөңгелек үстелге қатысушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бөлім ғылым мен мәдениетке тоқталады. Олардың пікірінше, құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы бойынша ірі жоспарларды іске асырудың кезеңдері мен нақты тапсырмаларын көрсетеді.

«17 қаңтарда біз Президенттің халыққа жасаған Жолдауын тамашаладық. Онда айтылған міндеттемелер барлық қоғам мен мемлекеттің әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды атқаруға шақырады. Мемлекет басшысы құжатта барлық салаларды қамтып, әсіресе ғылым мен мәдениетке ерекше тоқталды», - дейді С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры Несіпбек Айтов.





Яндекс.Метрика