Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Жолдау ұзақмерзімді 2050 Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған кешенді бағдарлама болып табылады – Қ. Тоқаев

ҚР Парламент Сенатының отырысында Палата Спикері Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің «Қазақстан жолы –2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы бойынша тапсырмалар легін бағыттады. Ол Жолдаудың ұзақмерзімді 2050 Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған кешенді бағдарлама болып табылатындығын айтты.
Нұр-Сұлтан24 Қаңтар , 09:05

«Мемлекет басшысының бұл Жолдауы ерекше, өйткені, біздің отандық ортақ тарихымыздағы мүлде жаңа ұғым – Мәңгілік Ел құруды көздейтін ұзақ мерзімді Стратегияны жүзеге асыру жөнінде нақты бағдарлама ұсынылып отыр. Жолдауда біздің халқымыздың қазіргі замандағы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді көздейтін дамыған мемлекет құру ұлттық идеясы мазмұндалған. Бұл тарихи міндет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көшбасшысы бар қазақстандықтардың қолынан толық келеді», - деді Қ. Тоқаев.

Сенаттың ойынша, Президенттің ғылымға негізделген экономика қалыптастыру туралы тапсырмасы ғылым мен инновациялық технологияларға баса назар аудару қажеттігін білдіреді.

Президент тек заң шығару және атқарушы билікке ғана емес, бүкіл халыққа үндеуін жария етті. Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің келешегі өз Отанымызды әлемдегі ең табысты мемлекеттердің біріне айналдыруға бел буған жандардың қолында екенін атап өтті,дед ол.

 

Сондай-ақ, ол күн тәртібінде еңбек өнімділігі мен энергияның тиімділігін арттыру, агроөнеркәсіп кешенін, көлік және логистиканы дамыту, ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін ұлғайту, әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу, оның ішінде мүгедектерге нақты көмек көрсету, экологияны қорғау, инновациялық техноологияларды енгізу мәселелері тұрғандығын айтты.

«Жолдаудағы тапсырмалардың уақытында орындалуы негізгі мақсат. Осының бәрі – заң үстемдігі, теңдік және әділеттілік салтанат құрған, дамыған демократиялық қоғамда өмір сүруді қалайтын, белсенді көзқарастағы әр азаматтың тікелей атсалысуын талап етеді», - деді Қ. Тоқаев.

 

 




Яндекс.Метрика