Энерготиімділік

Қазақстанда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 10%-ға төмендеді

Қазақстанда ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 10%-ға төмендету бойынша мақсатты индикаторға қол жеткізілді.
Казахстан24 Қаңтар , 10:11

«ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің мәліметі бойынша, 2015 жылға дейін ЖІӨ энергия сыйымдылығын 10%-ға дейін төмендету    (ҮИИД МБ) мақсатты индикаторға 2014 жылдың басында қол жеткізілді», - делінген комитетте.

Аталған көрсеткішті төмендету (ҮИИД МБ) еліміздің энергияны үнемдеу мемлекеттік саясатының дұрыстығын дәлелдейді. 2012 жылдың көрсеткішін 2008 жылмен салыстыратын болсақ, онда ол 13,5%-ға немесе 1,77-ден 1,53-ке мың АҚШ долларына дейін,   2000 ж. бағасымен өзгерді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациалық даму бағдарламасы аясында энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай 10%-ға, 2020 жылға қарай 25%-ға  төмендету көзделген болатын. 




Яндекс.Метрика