Өңірлер

ҚР Өңірлік даму министрі Орал қаласындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Орал қаласындағы тұрғын үй құрылысы барысымен танысты.
Батыс Қазақстан 24 Қаңтар, 10:00

Министр алдымен «СВ Плюс» ЖШС-ның үй құрылысы комбинатында болды. Аталмыш кәсіпорын жылына 70 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қоса алатын үй құрылысы комбинатын өткен жылдың жазында пайдалануға берген болатын.

Қазіргі кезде кәсіпорын қалаға қарасты Зачаган кентінде «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына сәйкес құрастырмалы-монолитті екі үйді салуға кіріскен.

Болат Жәмішев тұрғын үй салу ғана емес, оны жобалау кезінде де жаңа технологияларды қолдану қажеттігін атап көрсетті. Осы мақсатта белоруссиялық жобалау институттарын тартуға, басқа да шетелдік тәжірибені пайдалануға болады.

Министр болған Зачаган кентінде үш бірдей 75 пәтерлік тұрғын үйге пәтер иелері алдағы наурызға қарай қоныстанбақ. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновтің айтуынша, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына сәйкес биыл өңірде 14 көппәтерлік және ауылдарда 24 бір пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілмек.

Жалпы, кезекте тұрғандар мен жас отбасылар үшін жалгерлік үй құрылысына барлығы 1823 млн. теңге қажет, оны құрылыс компаниялары жыл аяғына дейін толық игере алады. 

Сондай-ақ, энергетика саласындағы шешілуі тиіс мәселелер, атап айтқанда, облыс орталығындағы жылу, сумен қамту нысандарын қайта құруға республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу, Орал жылу-электр орталығына газ құбырын тарту және басқалары министрдің қатеріне берілді.

        

 

 





Яндекс.Метрика