Ұлттың денсаулығы

Атыраудағы қалалық емханаға жаңа қондырғы орнатылды

Атырау қаласындағы №1 емханада республикалық трансферт арқылы жүрек-тамыр ауруларына терең диагностика жасайтын жаңа аппарат алынды. Қазір пайдаланып жүрген электркардиограммадан өзгешелігі - ол терең жан-жақты ауруды зерттейді, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Атырау24 Қаңтар , 09:40

«Бұл аппарат -ұзақ мерімді электрокардиограмма жасайтын "Холтер ЭКГ" аппараты. "Холтер" аппаратымен жүрек жұмысын зерттеуде айырмашылық - бұрынғы электрокардиограммадағыдай патологияны табады, бірақ айқын әрі анық табады», - делінген  хабарламада.  

Ең басты құндылығы - "Холтер" аппараты жүрек ауруындағы тұрақты емес бұзылыстарды дәл анықтайды, бұрынғы аппараттар олай нақты жүрек бұзылысын анықтай алмайтын еді.

"Холтер" аппаратының көмегімен тексерулер тәулік бойы жүреді. Бұл уақытта аппарат жүрек жұмысын толықтай қадағалап, 100-ге жуық электрокардиограмма түсіреді.

 




Яндекс.Метрика