Қалыптасқан Қазақстан

Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде дәлелденген мұнай қоры бар ірі елдердің 15 топтығына енді - МГМ

Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстан әлем бойынша дәлелденген мұнай қоры бар ірі елдің 15 топтығына және газ қоры бойынша алғашқы ондыққа кірді, деп ҚР МГМ баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Қаңтар , 09:32

 «Елімізде мұнай өндіру 3 есе артты немесе тәулігіне 1,6 млн. баррельді құрады. Ал, көгілдір отын өндірісі 5 есе өсіп, жылына 40 млрд. текше метр газ өндірілді», - делінген хабарламада.

ҚР 2013 жылдың қорытындысы бойынша шикі мұнайды өндірісі 81,8 млн. тоннаға жетті, 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 103,2 % құрады. Ал, өткен жылы газ өндіру көлемі 42,3 млрд. текше метрге жетсе,  мұнайды қайта өңдеу көлемі - 14,3 млн. тонн. болды.

«Биылғы жылы 83 млн. тонна мұнай және 41 млрд. текше метр газды өндіру жоспарланған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы мұнайды қайта өңдеу көлемі  14,7 млн. тонн. жеткізу жоспарланған», - деп ведомствода түсіндіріліп өтті.

МГМ болжамы бойынша, 2020 жылға қарай мұнай өндіру көлемі тәулігіне  2 млн. баррельді құрайды.




Яндекс.Метрика