Өңірлер

Жамбыл облысының ауылдарында АНТ мүшелері ҚР Президенті Жолдауын насихаттауды бастады

Елбасының кезекті Жолдауын облыстан шалғай жатқан Мойынқұм ауданының тұрғындары да қызу талқылауда. Бас құжатта айтылған мәселелерді жұртшылыққа жете түсіндіріп, насихаттау мақсатында аудан әкімдігі жұмыла іске кірісті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл24 Қаңтар , 09:25

«Насихаттау  тобы алдымен Ұланбел ауылының тұрғындарымен кездесті. Айдан әкімі Болат Мәдікенов биылғы жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту үшін атқарылатын істерді тілге тиек етті», - делінген хабарламада.

Жиын одан әрі Сарыөзек, Қарабөгет, Құмөзек ауылдарында жалғасты. Онда Қазақстан-2050 стратегиясы үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы екенді жан жақты айтылды. Тарихи құжаттағы Мәңгілік ел ұлттық идеясы қалыптастырудың маңыздылығы , дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолында атқарылатын ауқымды жобалар түсіндірілді.

Жиынға келгендер Стртагеиялық маңызды құжатта айтылған басым бағыттарды жүзеге асыру жолында жұмыла еңбек етейік деп тарқасты. 

 




Яндекс.Метрика