Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

ҚР әскери ұшқыштары Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға дайын

ҚР Президентінің «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы тапсырмаларды әскери ұшқыштар орындауға дайын, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан24 Қаңтар , 09:15

«Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ және НАТО елдері қарулы күштерінің әскери қызметшілерімен бірлесіп өткізілетін халықаралық оқу-жаттығуларға қатысады. Халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша, Қазақстан әскері ТМД елдері арасында алдыңғы үштікке кіреді. Қазақстан әскерінің қорғаныс қабілетін нығайтудағы басты тапсырма ұлттық қауіпсіздікті қорғау және еліміздің әлемдік және аймақтық проблемаларды шешуге қатысуы. Ұлт көшбасшысы осы құндылықтардың арқасында біздің жеңіске жеткенімізді, елімізді нығайтқанымызды, ұлы жетістіктерімізді арттырғанымызды айтты. Осындай мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтардан Жаңа Қазақстандық патриотизмнің негізі құралады»,- делінегн хабарламада.

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Жоғарғы Бас қолбасшының идеяларын қолдайды Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына енуі үшін өздерінің жауынгерлік және патриоттық борыштарын абыроймен орындауға даяр.

Айта кетейік, , ҚР Қарулы Күштерінің барлық бөлімдері мен құрамаларында командирлер жеке құрамға Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жалғасуда.

 

 

 




Яндекс.Метрика