Халықаралық интеграция

Швециядағы ҚР Елшісі Швеция Королі Карл XVI Густавқа сенім хатын тапсырды

Стокгольм қаласында Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Д.Елеукенов Швеция Королі Карл XVI Густавқа сенім хатын тапсырды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде23 Қаңтар , 18:10

«Швеция мемлекеті басшысымен аудиенция барысында қазақстандық дипломат Корольге және Швеция халқына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жақсы тілектерін жолдады», - делінген хабарламада.

Стокгольмде Қазақстан елшілігінің ашылуына байланысты швед монархы қоршаған ортаны қорғау мәселесінің маңыздылығына аса көңіл бөле отырып, сауда-экономикалық және басқа салалардағы екіжақты қатынастардың болашағын атап кетті.

Кездесу барысында "Қазақстан-2050" Стратегиясының мақсаттарын, әсіресе инвестициялық-инновациялық салада және "жасыл экономика" құру жұмыстарын іске асыру үшін Швециямен ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуда Қазақстанның мүддесі атап өтілді.

 




Яндекс.Метрика