Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев ЕҚДБ президенті Сума Чакрабартимен кездесті

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында өткен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы мен Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті банктің отандық және шетелдік инвестицияға көмек көрсетуінің негізгі тетіктерін талқылады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде23 Қаңтар , 17:51

«Тараптар инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған бірқатар перспективалық жобаны, атап айтқанда, Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолы құрылысын қаржыландыруға қатысу жайын қарастырды», - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ банктің түрлі салаларға инвестиция салу арқылы еліміздің экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Мемлекет басшысы республиканың шағын және орта бизнесіне қолдау көрсету жұмысын жалғастыруға шақырды.

С.Чакрабарти өз кезегінде ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқаны туралы пікірін білдіре келе, өткен жылдың қорытындысында Қазақстан бойынша жобалар пакеті 450-500 миллион доллар көлемінде болғанын атап өтті. 

ЕҚДБ басшысы банктің елімізге бөлінетін қаржы көлемін арттыруға мүдделі екендігінен хабардар етті. Бұған қоса, С.Чакрабарти ЕҚДБ-ның «жасыл экономика» саласындағы белсенді жұмысына назар аудартты, ол ұйым жобаларының 50%-дан астамын қамтиды.

 

 




Яндекс.Метрика