Мемлекет басшысы болашақ атом энергетикасында екенін айқындап берді

«Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев атом энергетикасын өндіру туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты идеясына қолдау білдірді.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 17:00

«Президент атом энергетикасын пайдалану туралы міндет қойып отыр. Біз әлі ескіше ойланамыз. Атом энергетикасына қарсылық білдірудеміз. Менің ойымша, Мемлекет басшысы айтқандай, болашақ атом энергетикасымен байланысты және біз осыны қолға алуымыз керек. Біз уран шикізатын пайдаланып, электр қкатын өндіруге тиіспіз», -деді ол.

В. Косарев сондай-ақ, Қазақстанның уран көлемі бойынша үшінші орында екенін еске салды.

Коммунистер жетекшісі сонымен бірге, мұнайдың да жоғары үлесті құнмен өңделуі керек екенін айтты.

«Бізде еуропалық стандарттар бойынша мұнай өнімдері мардымсыз өндіріледі. Бізге бензин, дизель отыны және керосин сапасы бойынша еуропалық стандартқа көшу керек», деп түйіндеді өз ойын В.Косарев.

Айта кетейік, ҚР Президенті 17 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауында арзан атом энергетикасына сұраныс көп екендігін атап өткен болатын.

«Ядролық энергетиканың жетістіктерін ұмытпау керек. Арзан атомдық энергетикаға  сұраныс елдің дамуына үлесін қосады. Қазақстан уран өндіру жағынан әлем  жетекшілерінің бірі. Біз өзіміздің өнімімізді дамытуымыз керек. АЭС мен атом станцияларын салуымыз қажет», - деді Н. Назарбаев.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика