Әкімшілік реформаның екінші кезеңі

Қазақстанда ЖОО-да мемлекеттік басқарушыларды даярлау жетілдіріледі - Ә.Байменов

Қазақстан ЖОО-ын оңтайландыру аясында «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша студенттерді даярлау жетілдіріледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов «Қазақстан - 2050» стратегиясы: мемлекеттік қызмет саласында кадрлар даярлауды жетілдіру және ғылыми зерттеулерді дамыту» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның барысында мәлім етті.
Казахстан15 Наурыз , 00:00

«Қазақстанның ғылыми-педагогикалық кадрларының әлеуетін есепке алсақ, 60 ЖОО бакалаврларды сапалы даярлауды қамтамасыз ете алмайды. Қазір ҚР БҒМ қолданып жатқан шаралар оңтайландыруды көздейді. Министрлікпен бірлесе отырып, осы мамандықтарды оқыту мәселелерін қарастыру қажет, олар мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын кәсіптік талаптарға бағытталуы тиіс», - деді Ә. Байменов. 

Агенттік басшысының айтуынша, бүгінгі таңда 60-қа жуық ЖОО мемлекеттік басқару саласында даярлауды жүзеге асырады, олардың ішінде 12-13 ЖОО магистрлерді даярлайды. 

«Осы конференция барысында «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша даярлықпен қамтамасыз ететін ЖОО-ның өкілдерін алғаш жинап отырмыз. Талқылау барысында Елбасы Жолдауынан және еліміздің стратегиялық даму жоспарларынан туындайтын талаптарды ескере отырып, мамандар даярлаудың жалпы сапасын арттыруға көмектесетін ұсыныстар жасалады деген үміттеміз», - деп қортындылады Ә.Байменов.




Яндекс.Метрика