Адами капитал

Еңбек өнімділігі 5 есеге артуы тиіс – Ә. Ирғалиев

ЖІӨ тұрақты өсімінің әлеуетін көтеру үшін еңбек өнімділігінің жұмыс істейтін адамға шаққандағы деңгейі ағымдағы деңгейден 5 есе, яғни 24,5 мың АҚШ доллардан 120 мың АҚШ долларына дейін өсуі қажет,деп мәлімдеді ҚР ЭБЖМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма Басшысының орынбасары Әсет Ирғалиев. Бұл туралы ЭБЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан23 Қаңтар , 16:40

«Экономистің пайымдауынша, ұзақ мерзімді экономикалық өсу еңбек, капитал, ресурстар өнімділігінің ұзаққа созылған өсіміне негізделетін болады. Бұл Қазақстанға дамыған 30 елдің дәрежесіне көтерілу үшін мүмкіндік беретін басты салалар болып табылады», - делінген хабарламада.

«Экономиканың тұрақты өсімі өндіріс өсімінің әртараптануына байланысты.  Алайда «Жасыл» экономика қағидатына сәйкес, өсім қоршаған ортаға зиян тигізбеуі тиіс»,-деп қорытындылады «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма Басшысының орынбасары Әсет Ирғалиев.

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында 2050 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі $60 000 болады деп көрсетілген.

 




Яндекс.Метрика