Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Жамбыл Ахметбеков: «Мәңгілік ел» - қазақстандықтардың басын біріктіретін маңызды мемлекеттік құжат

«Мәңгілік ел» қазақстандықтардың басын біріктіретін маңызды мемлекеттік құжат, деді «Қазақстан коммунистік халық париясының» төрағасы Жамбыл Ахметбеков бүгін астанада өткен «Қазақстан 2050» демографиялық күштерінің жалпыұлттық коалициясының отырысында.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 13:38

«Қазақстан коммунистерінің өкілі ретінде Жолдауда жиырма жыл ішінде ізденісте болған елдің бүгінгі таңда басын біріктіретін  мемлекеттің басты идеологиялық құжаты екенін байқаймыз»,- деді Жамбыл Ахметбеков.

Оның айтуынша, нағыз интернационализм идеясы осы «Мәңгілік ел» идеясынан көрініс тапты. Бұл нағыз әлеуметтік теңдік, достастық болып табылады. Осы орайда бұл идея біздің партияның ойымен ұштасады. Коммунистік партияның бірден бір ерекшелігі еңбекке баулу. Осы жағынан да Мемлекет басшысының еңбекке баулуы ақылға қонымды.

Елуінші жылға дейнгі уақытта ШОБ үлесін елу пайызға дейін жеткізуді тапсырды. Бұл біздің партия ұстанымына сәйкес. Жолдауда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тек елдің мәселесін шешіп қана қоймай, әлемдік проблемалардың бірі азық түлік тапшылығы мәселесін шешуді қарасақ бұл жаһандық мәселенің шешімі болмақ. 




Яндекс.Метрика