Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысының әр ауданында жыл сайын 2 спорттық нысан қолданысқа беріліп отырады – аймақ басшысы

Жыл сайын Ақмола облысының әр ауданында 2 спорттық нысан қолданысқа беріліп отырады , бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Қосман Айтмұхамбетовке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 16:15

«2014 жылы Бұланды және Шортанды аудандарында бассейндерді қолданысқа беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жарқайың ауданында дене шынырықтыру – сауықтыру кешені ашылмақ. 2019 жылға қарсы әр аудан орталығында спорттық кешен қолданысқа беріледі», - деді Қ. Айтмұхамбетов.

Айта кетейік, 2013 жылы облыста 20 волейболдық, 19 футбол, 28 хоккей корты, Атбасар ауданында дене шынырықтыру – сауықтыру кешені, Ақкөл ауданында бассейн, Көкшетауда теннис кешені мен Бурабай ауданының Жақсы ауылында заманауи спорт кешені ашылды.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл шаралар Мемлекет басшысының  2020 жылға қарай спортпен айналысатын адамдар санын 30 пайызға көтеру тапсырмасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазір ол көрсеткіш 22 пайызды құрайды. 




Яндекс.Метрика