Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

«Халық коммунистері» фракциясы жетекшісі біреуден көмек күту әдетінен арылуға шақырды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Халық коммунистері» фракциясы жетекшісі Владислав Косарев біреуден көмек күту әдетінен арылуға шақырды.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 16:00

«Біздің қазір иек артушылық мінезге душар болғанымыз дұрыс емес. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы да айтып, аталмыш қасиеттен арылу керектігін ескерткен еді. Бәрінен бұрын мұндайға ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді жақсы көретін жандар бейім келеді. Тауар мен қызмет құнының артуы кезінде кейбір жандар мемлекет оларға жеңілдік жасауы керек деген ойдың жетегінде кетеді. Яғни, әлеуметтік көмекті дәм етеді. Дұрысы, әркім өзінің еңбегімен күн көргені абзал. Капиталистік қоғамның тұрмысымызға енуі – замана шарты, алайда мұны жұрт өз пайдаларына оңтайлы қолдана алмағанда, экономикалық жүйе белгілі бір топтың ғана игілігіне қызмет етеді. Бұлай болмауы керек. Әр кісіпкерде өзіндік экономикалық мүдде болуы керек. Алайда ешқашан біреудің еңбегіне есептемеу керек», - деді В.Косарев.

«Халық коммунистері» фракциясының жетекшісінің пікірінше, қоғамның бәрі елдің игілігіне қызмет етуі керек.

«Біздің елге әлдебір өндіріс енгізуге, жаңалық әкелу жағынан ешқандай да шектеу мен қиындық жоқ. Сонымен қатар, кейде табиғи ресурстар шаруашылық мақсаттардан тыс пайдаланады. Неге біздің жалпыхалықтық еңбек қоғамымызда шикізатымыз шетел асып, өзімізде өңделмей жатқанына мән беруіміз керек», - дейді коммунист.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының елге тағы бір мұнай өңдеу заытының қажеттілігін айтқаны тегін емес.




Яндекс.Метрика